Отандық ғылымның жайы талқыланды

Отандық ғылымның жайы талқыланды

Отандық ғылымның жайы талқыланды
ашық дереккөзі
Кеше Алматыдағы Ғылым ордасында Ұлттық ғылым академиясы жалпы жиналысының сессиясы өтті. Жиынға Білім және ғылым минис-трі Асхат Аймағамбетов, ҰҒА академиктері, корреспондент-мүшелері, құрметті мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия барысында ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов ака­демияның 2019 жылы атқарған қызметін қорытындылады. Мұрат Жұрынұлы ғылым бойын­­­ша Ұлттық баяндаманы дайын­­дау және басып шығару жұ­­мысының нәтижелеріне, сон­­дай-ақ ҰҒА-ның халық­ара­лық ұйымдармен ынты­мақ­тастық саласындағы бастамаларына тоқталды. Қазақстанда­ғы және әлемдегі ғылымның жай-күйін салыстырмалы баға­ла­ған академия президенті елі­міздің ин­дустриялық-ин­новациялық да­муын ғылыми жа­ғынан қам­тамасыз ету мақ­сатында ілгерілетуді қажет ете­тін ғылымның не­гізгі және қо­салқы салаларын атап өтті. Сонымен қатар Мұрат Жұ­ры­­нов Қазақстан ғылымының өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін жіпке тізді. 2019 жы­лы әл-Фараби атындағы ғы­лым, техника саласындағы мем­лекеттік сыйлықтардың ие­гері атанған ғалымдардың қажырлы еңбегін жоғары б­а­ғалап, өскелең буынға үлгі етті. Олардың қата­рында ҰҒА академиктері Т.Шарманов. Т.Есполов, А.Медеу,  И.Бей­сенбетов, Н.Ива­нов, Т.Сады­құлов және ҰҒА құрметті мүшесі Т.Досмұ­хан­бетов бар. Сондай-ақ Қазжол ҒЗИ ав­тор­лар тобының «Нано­құры­лым­ды битумдардың пайда болу құбылысы» атты еңбегін атап өткен жөн. Құрамына  Ұлт­тық ғылым академиясының құр­метті мүшесі Б.Телтаев, А.Алы­бай, А. Абжалиева енген ав­­­торлар тобының жаңалығы 2019 жылдың шілдесінде Мәс­кеудегі Халықаралық ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының қоғамдық академиясында ғылыми ашылым ретінде тіркелген. Бұдан бөлек, Ұлттың ғы­лым академиясы президентінің есеп­тік баяндамасында ғылым мен білім саласындағы жұмыс­ты жақсарту туралы ұсыныстар айтылып, академияның 2020 жылға арналған мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Жиын барысында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., профессор К.Матыжанов про­фессор К.Матыжанов «Абай шығармашылығындағы адам­заттық құндылықтар» тақыры­бында баяндама жасады. Ал Ш.Уәлиханов атындағы Та­рих және этнология инсти­тутының ди­ректоры, т.ғ.д., про­фессор З.Қабылдиновтың «Әл-Фараби мұрасы және Ұлы дала құнды­лықтары» атты баяндамасында ғұлама ғалымның әлемдік бейнесі жайлы, ізгілікті ой-пікірлері мен ұлы ұстаз шығарма­ла­ры­ның жаңа заман­дағы өзек­тілігі туралы айтылды.