Алматы облысы: Әскери міндеттілер "Асыл арман" кешені аумағында жұмысқа кірісті

Алматы облысы: Әскери міндеттілер "Асыл арман" кешені аумағында жұмысқа кірісті

Алматы облысы: Әскери міндеттілер "Асыл арман" кешені аумағында жұмысқа кірісті
ашық дереккөзі
354
Қарасайлық әскери міндеттілер карантинге жабылған "Асыл арман" тұрғын үй кешені аумағында жұмысқа кірісті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабаралды. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде "әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру" туралы Жарлық шығарған болатын. Осындай жауапты іске бел буған ерлердің арасынан Алматы облысы бойынша қарасайлық азаматтар алғашқылардың бірі болды. Бүгін олар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің алдында сап түзеп, қалтқысыз қызметке сақадай сай екендіктерін, сондай-ақ, БІЗ БІРГЕМІЗ деп ұрандатып белсенділіктерін танытты",- делінген хабарламада. 200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат денсаулықтарының жарамдылығы мен отбасылық жағдайларына байланысты арнайы іріктеліп алынған. Олардың барлығы "Асыл арман" тұрғын үй кешені аумағында жұмыс істеп жатыр.  "Еріктілер әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен тізім бойынша түгенделіп, Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тұрақтанды. Өйткені дәл осы орталық азаматтарымыз үшін арнайы казарма ретінде жабдықталған. Келе сала әрбірі  құжаттарын өткізіп, әскери формаларын түгендеп, темірдей тәртіпке қайта оралды. Азаматтардың барлығы да аудан бойынша іріктеліп алғандықтан, бір ортаға топтастырылды. Енді олар алдағы күндері індет анықталған карантин аймақта жүргендіктен, басқа адамдардың қауіпсіздігі үшін осы казармада аудан әкімінің шешіміне сәйкес ең аз дегенде 10 күн немесе 3 айға дейін мекен ететін болады",-делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары