292
Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Алматыда коронавирус жұқтырған 2 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Алматыда коронавирус жұқтырған 2 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндаған Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.
«Қазір жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 99 пациент, оның ішінде төрт бала емделіп жатыр. Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды. 1975 жылы туған ер адам және 1962 және 1964 жылы туған екі әйел байланыста болып жұқтырған. Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағаланды. Оны тексеріп-қарау кезінде пневмония диагнозы қойылды. Әйелдердің жай-күйі – қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылған», - деді Т.Әбілдаев.
Басқарма басшысының айтуынша, қазір 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық болса, 2 ересек адамның жағдайы өте ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 670 адамға жетті. 47 науқас індеттен айықса, дерті асқынған 6 адам қайтыс болды.