275
Атырауда коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр
Атырауда коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы ауыр
7 сәуір күні таңертең Атырауда коронавирус жұқтырудың тағы үш дерегі анықталды.
Қауіпті инфекция жұқтырған жаңа жағдайлар туралы денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды. Вирус жұқтырғандар арасында 37 жастағы әйел, 18 жастағы жас жігіт және 82 жастағы қария бар.
«Зейнеткерден пневмония табылды. Оның жағдайы ауыр», - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылған. Осылайша Атырау облысында Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.
Қазіргі уақытта 28 пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды,оларда аурудың жеңіл түрі байқалады. Екі адамның жағдайы орташа ауыр, тағы екі пациенттің жағдайы ауыр. Тиісті органдар науқастармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды шұғыл оқшаулайды.