261
Ақмола облысы: 2 сәуірде қайтыс болған науқастан 19 адам коронавирус жұқтырған
Ақмола облысы: 2 сәуірде қайтыс болған науқастан 19 адам коронавирус жұқтырған

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 19 науқас осы індеттен 2 сәуірде қайтыс болған адаммен байланыста болған, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін қауіпті инфекция 19 ақмолалықтың бойынан табылды. Олар 2 сәуірде қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғынымен байланыста болғандар адамдар.
«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Жақын байланыста болған 216 анықталды, оның 19-да коронавирус нәтижесі оң болды. Қазіргі кезде диагнозы расталған науқастардың барлығы Нұр-Cұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Науқастардың ең үлкені 1933 жылғы, ең жасы 1984 жылы туған азаматтар», – дейді ведомстводан.