6 Сәуір, 14:17 887 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Зообақтағы жолбарыстан коронавирус табылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Нью-Йорктегі Бронкс зообағында Нади аталған төрт жасар малай жолбарыстан коронавирус анықталды. Бұл – әлемде коронавирустың алғаш рет жолбарысқа жұғуы, – деп жазды CNN агенттігі.

«Жолбарыстан құрғақ жөтелі байқалған. Жыртқыш сауығып кетуі тиіс», – делінген Жабайы табиғатты қорғау қоғамының хабарламасында.

АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зообақтағы басқа бес жолбарыс пен арыстанда респираторлық ауру белгісі болғаннан кейін жолбарыстан сынама алынған.

Зообақ өкілдерінің айтуынша, тәбетті аздап төмендегеніне қарамастан, Бронкс зообағындағы мысық тұқымдас жыртқыштардың жағдайы жақсы. Аңдарды ветеринарлар бақылап отыр.

«Ірі мысық тұқымдастарда бұл аурудың қалай дамитыны белгісіз, өйткені мысық тұқымдас аңдардың әрқайсына жаңа инфекциялар әрқалай жұғады. Бірақ біз олардың жағдайын мұқият қадағалап отырамыз», – делінген хабарламада.

Мамандар барлық жыртқыш жазылып кетеді деп болжап отыр. Жануарлар ауруды «симптомсыз» ауырған зообақ қызметкерінен жұқтырған.

Айта кетерлігі, Бронкс зообағы 16 наурыздан бастап жабылды. АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі коронавирус жұқтырғандардың барлығына вирустың әсері туралы ақпарат пайда болғанша, үй жануарларымен, басқада аңдармен байланысты барынша азайтуға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар