7 сәуірден бастап Қарағанды облысында толықтай карантин енгізіледі

7 сәуірден бастап Қарағанды облысында толықтай карантин енгізіледі

7 сәуірден бастап Қарағанды облысында толықтай карантин енгізіледі
ашық дереккөзі
324
2020 жылдың 7 сәуірінен бастап Қарағанды облысы бойынша карантин енгізіледі. Бұл туралы Қарағанды облыстық тауар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Қанат Асқаров мәлімдеді. Оның айтуынша, 7 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап өңірге кіріп-шығу шектеледі.  Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск және Теміртауда карантиннің ерекше тәртібі болатыны хабарланып отыр. Тұрғындар жұмысқа, азық-түлік дүкеніне, аса қажеттілік болған жағдайда медициналық мекемелерге, үйден 500 метр радиусқа үй жануарларымен шығуға және банк операцияларын жасауға ғана шыға алады. Карантиннің ерекше тәртібі енгізілген аймақта барлық ұйымдардың жұмысы тоқтатылған. Тек қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар ғана қызметін жалғастырады. Кәсіпорындарға қызметкерлер қызмет көлігімен жеткізілуі тиіс екендігі ескертілді. Сонымен қатар, облыс аралық, қала аралық, аудан аралық және қалалық жолаушылар тасымалы уақытша тоқтайды. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде коронавирус жұқтырғандардың саны 31-ге жетті. 

Серіктес жаңалықтары