5 Сәуір, 12:29 1222 0 Білгенге маржан Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус масалар мен шыбындар арқылы жұғуы мүмкін бе – энтимологтар зерттеді

Көктем және жаз айларында пайда болатын жәндіктер коронавирус инфекциясының таралуын ушықтырмайды. Өйткені бұл індет жәндіктер арқылы таралмайды дейді ресейлік энтимологтар.

– Шыбындар мен масалар малярия, денге безгегі, сары безгек  сияқты көптеген ауруларды таратады. Алайда бұл жәндіктер коронавирусты тарат алмайды, – дейді ресейлік энтимолог Юлия Ловцова.

Маманның айтуынша, қытайлық ғалымдар қансорғыштардың індет тарату қаупі бар-жоғын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде олардың бұл індеттің таралуына ықпалы жоқ екені анықталыпты.

Алайда коронавирус мысықтар арқылы жұғуы мүмкін. Уханьда мысықтардың 15 пайызынан індет анықталған. Ғалымдардың айтуынша, мысықтарда ауру белгілері дәл адамдарда кездесетін белгілерге қатты  ұқсас.   

Сондықтан мамандар үй жануарларын да сыртқа шығармай, қауіпсіздік шараларын мұқият орындау қажеттігін ескертеді.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 551-ге жетті. Бұған дейін Жамбыл облысында 17 адамнан індет анықталғанын хабарлағанбыз.  

Соңғы жаңалықтар