COVID-19: экспресс-тесттен кімдер өте алады?

COVID-19: экспресс-тесттен кімдер өте алады?
Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлімдеді.
Жедел штабтың мәліметінше, алғашқылардың бірі болып тексеруден: коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емхана ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;
тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған адамдар; науқастармен байланыста болған адамдар;
коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
карантин аймақтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.).
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тесттен өте алады.
Экспресс-тесттердің дұрыстығы 90 пайыздан кем емес.
ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.