194
Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді
Түркістан облысы бойынша шектеу шаралары күшейтілді
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, енді өңір тұрғындары үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға немесе жұмысқа бару үшін шығуы керек. Бұл – Түркістан облысы әкімінің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық комиссия отырысында берген тапсырмасы.
Өмірзақ Шөкеев облыс көлемінде шектеу шараларын күшейту бойынша бірқатар жұмыстарды қолға алуды тапсырды.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды. Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметтері бойынша, осы уақытта Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 23 адамды құрап отыр. Ал еліміз бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 500-ге жетті.