299
Коронавирус жұқтырғандар саны 500 адамға жетті
Коронавирус жұқтырғандар саны 500 адамға жетті

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы 4 сәуір 09-15-тегі жағдай бойынша Қазақстанның 8 аймағынан 36 адам коронавирус жұқтырғандығын хабарлады.
Атап айтқанда, Алматы қаласынан – 16, Атырау облысынан – 1, Солтүстік Қазақстан облысынан – 7, Жамбыл облысынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Түркістан облысынан – 4, Маңғыстау облысынан – 1, Қарағанды облысынан 4 адам қауіпті індетті жұқтырған.
Осылайша елімізде вирус жұқтырғандар саны 500 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 202, Алматы қаласы – 109, Шымкент қаласы – 12, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы – 7, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 22, Шығыс Қазақстан облысы – 4, Жамбыл облысы – 9, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 26, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 26, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 23.