334
Коронавирус жұқтырған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді
Коронавирус жұқтырған әйел дүниеге дені сау сәби әкелді
Ресейде коронавирус жұқтырған әйел өмірге дені сау нәресте әкелді.
Өмірге келген сәби жансақтау бөлімінде жатыр, оны дәрігерлер үнемі қадағалап отырады, деп хабарлайды ТАСС.
Нәрестеден алынған тест теріс нәтиже көрсетті. Мамандар сәбиден он күннен кейін тағы сынама алып, тексереді. Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.
Соңғы дерек бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 4149 адамға жеткен. Елде індеттен 34 адам көз жұмды.
Аурудың таралу қарқынын азайту үшін Ресей президенті Владимир Путин ел тұрғындарының демалысын 30 сәуірге дейін ұзартты. Ресей басшысы азматтардың еңбекақысы сақталатынын айтты.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 453-ке жетті.
Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 5 дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз. Алматы қаласында 2 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында 3 адамнан вирус анықталды.