Коронавирус жұқтырған өскемендік зейнеткер 198 адаммен байланыста болған

Коронавирус жұқтырған өскемендік зейнеткер 198 адаммен байланыста болған

Коронавирус жұқтырған өскемендік зейнеткер 198 адаммен байланыста болған
ашық дереккөзі
236
Өскемен қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы адам дәрігерлерге 1 сәуірде жүгінген. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.  Басқарма басгысының айтуынша, науқас 1938 жылғы зейнеткер. «Науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, рентгенологиялық зерттеулер жасалды. Оған «пневмония» диагнозы қойылған. Пациенттен коронавируске қатысты алынған сынама оң нәтиже көрсетті», - дейді ол. Ілияс Мұхамеджанның сөзіне сүйенсек, зейнеткер қаңтар айында Ресейге барып келген. Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болған 198 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланды. Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да Мысырдан демалыстан келген Семей қаласының 2 тұрғынынан коронавирус анықталған болатын. Ал елімізде індет жұқтырғандардың жалпы саны 448-ге жетті.       

Серіктес жаңалықтары