288
Түркияда 601 дәрігер коронавирус жұқтырған
Түркияда 601 дәрігер коронавирус жұқтырған
Түркияда 601 медицина қызметкері коронавирус індетін жұқтырды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа хабарлады.
Министрдің айтуынша, Еуропада COVID-19-ға шалдыққан ақ халаттылар саны жалпы індетті жұқтырғандардың 10 пайызын құрайды. Алайда, Түркияда жағдай мұншалықты мүшкіл емес.
Десе де, күннен күнге елде вирус жұқтырғандар қатары артып барады. Сондықтан науқастармен тікелей байланыстағы медицина қызметкерлеріне де қауіп артып тұр. Министрдің сөзінше, елде барлық денсаулық сақтау қызметкері қажетті заттармен жабдықталған.
Соңғы дерек бойынша елде індет жұқтыру жағдайларының ең көбі Стамбұлда тіркелген. Түркиядағы коронавирусқа шалдыққандардың 60 пайызы осы шаһардан анықталған. Одан кейін тізімде Измир, Анкара мен Қожаелі бастап тұр.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 444-ке жетті. Індеттен 27 адам емделіп шықты. 3 адам көз жұмды.