209
Biz birgemiz!: Жалғызбасты қарттар тегін ыстық тамақпен қамтылады
Biz birgemiz!: Жалғызбасты қарттар тегін ыстық тамақпен қамтылады
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Biz birgemiz!» республикалық акциясы бастау алған болатын.
Аталған акция аясында 27 наурыздан бастап «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының әкімдігімен және Nomad MMA Республикалық Федерациясымен бірлесіп, қазақстандық ММА аралас жекпе-жек Федерациясы мен жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен 90 жастан асқан жалғызбасты адамдарға ыстық тамақты тегін жеткізуді ұйымдастырды.
Күнделікті тамақтанумен 400-ден астам адам қамтылды және 3000-нан астам ыстық тағам жеткізілді.
1 сәуірден бастап 80 жастан асқан жалғыз асты адамдарға ыстық тамақ жеткізу басталды. Енді күнделікті ыстық тамақпен 1000-нан астам егде жастағылар қамтылатын болады.
«Осы бірнеше күн ішінде жұмыс істеу жүйесі жолға қойылды. Күнделікті таңертең жұмысқа тартылған барлық адамдар үшін нұсқаулықтар өткізіледі. Сондай-ақ қатарымызға жанашыр еріктілердің қосылуының арқасында 80 жастан асқан адамдарды да қамтып отырмыз, олардың саны Алматыда 1000-нан асады. Арнайы оқытылған курьерлермен нақты нұсқаулықтар жазылған жеке шарттар жасалды, онда қатаң санитарлық нормаларды қамтамасыз ету үшін дербес жауапкершілік жазылған. Көмекті ұйымдастыру сапасын бақылау бойынша арнайы қызмет құрылды. Тамақтарды жеткізу алдында барлығы мұқият тексеріліп, өңдеуден өтеді. Жұмысқа тартылған адамдар санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес арнайы қорғау костюмдер, көзілдіріктер, қолғаптар және маскалармен қамтамасыз етілген. Жоғарыда айтылған күшейтілген қорғау шараларына қосымша қаражат бөлінген», - деп атап өтті Nomad ММА Республикалық Федерациясының Президенті Гаджи Гаджиев.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың барлық санитарлық қорғау нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өту қажет. 6 сәуірге дейінгі кезеңде «Jas Otan» еріктілерінің көмек көрсетуі тоқтатылды.