Бүгінгі таңда Шымкентке кіретін жолдардағы блок бекеттерде 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілікке қойылған. Бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер үш ауысымда жұмыс істеуде. Блок бекеттердегі медициналық пункттер 52 тепловизормен, обаға қарсы 71 қорғаныс костюмімен жабдықталған.