Алматы облысында әкімдік қызметкерлері қылмыстық топ құрған

Алматы облысында әкімдік қызметкерлері қылмыстық топ құрған

Алматы облысында әкімдік қызметкерлері қылмыстық топ құрған
ашық дереккөзі
207
Алматы облысында Талғар ауданы әкімдігінің бірнеше қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өңірдегі ауыл округының экс-әкімі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасаған NUR.KZ порталының хабарлауынша, шенеуніктер мен округтің бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды. Тергеу Талғар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Панфилов ауылдық округіндегі су қорғау аймағында жер учаскелерін жалға алу және жеке меншікті заңсыз иеліктен айырумен айналысқан деп болжап отыр. Бұл заңсыз қызметтен шенеуніктер материалдық пайда алды деп санайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілер. Тергеуге Панфилов округінің бұрынғы әкімі, сондай-ақ аудан әкімдігінің бірнеше қызметкері де ілінді. Олар басқа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктеледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілердің пікірінше, дәл осы бұрынғы әкім және тағы бірнеше мемлекеттік қызметкерлер заңға қарамастан шешім шығарып, Талғар ауданындағы су қорғау аймағында орналасқан жер учаскелеріне актілер жасаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкерлердің кінәлілік дәрежесін, сондай-ақ олар үшін жазалау шарасын сот анықтайтынын атап өтті.     

Серіктес жаңалықтары