Алматы облысы: "Асыл арман" кешені толық карантинге жабылды

Алматы облысы: "Асыл арман" кешені толық карантинге жабылды

Алматы облысы: "Асыл арман" кешені толық карантинге жабылды
ашық дереккөзі
313
Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Кешеннің аумағын полицейлер қоршауға алған. Кезекшілікке әскерилер де жұмылдырылған. Карантинге жабылған аймаққа дезинфекция жұмыстары кешенді жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығын қадағалау үшін, арнайы дәрігерлік амбулатория қойылып, азық-түлік те арзан бағамен жеткізіледі. Айта кетейік, «Асыл арман» тұрғын үй кешеніндегі 2 тұрғыннан коронавирус анықталды. Оның ішінде 1995 жылғы әйелдің аяғы ауыр. Бұған дейін індет бір тұрғыннан анықталған сәтте сол тұрғын тұратын үйдің подъезі карантинге жабылған еді. Жалпы Алматы облысында коронавирусты 9 адам жұқтырған. «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5088 пәтер бар.  

Серіктес жаңалықтары