1 Сәуір, 17:14 491 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

372 адамға жетті: Елімізде тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам анықталды, елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген, деп хабарлайды coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Қызылорда облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Алматы облысында – 1 адам. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша барлығы 372 жағдай тіркелген.

Нұр-Сұлтан қаласында – 184, Алматы қаласында – 84, Қызылорда облысында – 25, Атырау облысында – 16, Ақмола облысында – 16, Қарағанды облысында – 14, Алматы облысында – 9, Түркістан облысында – 5, Ақтөбе облысында – 4, Жамбыл облысында – 3, СҚО – 3, Шымкент қ. – 3, ШҚО – 2, БҚО – 2, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1 адам індетке шалдыққан.

 

Соңғы жаңалықтар