218
Бас санитар қаулысы: Коронавирустан көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді
Бас санитар қаулысы: Коронавирустан көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі жарияланды.
ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа Қаулысы бойынша, мәйіт туыстарына берілмейді.
«Қайтыс болған адамның жақын туыстарына ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.