1 Сәуір, 14:30 394 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Jas Otan»: еріктілер жұмысы уақытша тоқтады

Қазіргі төтенше жағдайдың күрделенуін ескере отырып, «Jas Otan» еріктілер жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев фейсбук-парақшасында жазды.

Құрметті достар! Шұғыл ақпарат!

Елбасы тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында соңғы 2 апта көлемінде еліміздің барлық аймақтарында МК «Jas Otan» және «Nur Otan» партиясының волонтерларымен 20 мыңнан астам мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды сақтану шараларын ұстана отырып, «контактсыз» бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етілді.

Осының барлығы волонтерлардың көмегімен іске асырылды!

Волонтерлар – біздің заманымыздың бүгінгі қаһармандары! Барша волонтерларға жасаған жұмыстары үшін үлкен алғысымды білдіремін! Сіздермен еліміздің жарқын болашағына сенімдіміз!

Жағдайдың күрделенуін ескере отырып, «Jas Otan» осы жұмысты уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Халқымыздың және еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмес үшін барлық ұйымдарды, біздің ұйымның үлгісінде шешім қабылдауға шақырамыз.

Тағы да баршаңызға осы күндерде бізбен бірге болғандарыңызға алғыс айтамыз.

Соңғы жаңалықтар