401
Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі
Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларға байланысты жариялаған мәлімдемесінде тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетінін айтты.
– Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді, – деді Мемлекет басшысы.