565
Ертең қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сынама сабақ өткізіледі
Ертең қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сынама сабақ өткізіледі

Ертең, 1 сәуірде Қазақстанның барлық мектеп оқушыларына қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сынама сабақ өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.
ҚазАқпараттың жазуынша, министр: «1 сәуірде еліміздің барлық мектептерінде сынама жүргізіп, мұғалімдер балалардың жүйеге қалай қосылғанын тексереді. Бейсенбі күні – 2 сәуірде ата-ана жиналысын өткізіп, жүйеге қосылуды, балалар жұмысын дұрыс ұйымдастыруды үйретеміз», – деді
3 сәуір – жұма күні оқушылармен сынып сағаттары жүргізіледі. Онда да балаларға тиісті ақпарат беріліп, қашықтан оқу форматы туралы барлық сұрақтарға жауап беріледі.
«Осылайша, 6 сәуірде мектеп те, ата-ана да, құрылғылар да қашықтан білім беруге дайын болуы керек», – деді А. Аймағамбетов.
Бұған дейін министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынын мәлімдеген еді.
Барлық сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің 14-50 колл-орталығына хабарласуға болады.