Елімізде тағы 14 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында  індет жұқтырған 11 адам, Алматы қаласында  3 адам анықталды.

Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайтында хабарланды.

«29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді» – делінген хабарламада.

Back to top button