27 Наурыз, 12:04 1064 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирустан көз жұмған әйелге қатысты жаңа деректер жарияланды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Елімізде коронавирустан көз жұмған әйел Ақмола облысының тұрғыны болған. Марқұмға қатысты деректер облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз мәслихатында жарияланды. 

Мамандардың айтуынша, 64 жастағы әйел 25 наурызда таңғы 7-де ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Одан кейін жеке оқшауланып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің ем-домы науқастың жағдайын оңалта алмаған.  

Туыстарының сөзінше, марқұм ЖРВИ және КВИ жұқтырған науқастармен байланыста болмаған, шетелге шықпаған. 13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адам Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

Байланыста болған адамдар ауруханаға жатқызылып, тексерістен өтті. Марқұм тұрған Қосшы ауылындағы жеке үйде жерлеу рәсімі өткізілген соң залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, кеше елімізде коронавирустан көз жұмудың алғашқы дерегі тіркелді

Соңғы жаңалықтар