315
Алматыда коронавирустың 20 ошағы бақылауға алынды
Алматыда коронавирустың 20 ошағы бақылауға алынды
Алматыда коронавирустың 20 ошағы анықталып, карантинге жабылды. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.
Інден ошақтары деп танылған үйлердің кіреберістеріне күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды.
Әуезов ауданында 2 індет жұқтыру ошағы – Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.
Алатау ауданында 5 індет ошағы – Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.
Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.
Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62-де.
Жетісу ауданында – 2 ошақ бар: Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.
Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген: Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская к-сі, 63; Жұлдыз-2 ықшамауданы, 45.
Бостандық ауданында – 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.
Айта кетейік, Алматыдағы бірінші болып індет ошағы ретінде қоршауға алынған Зенков көшесі, 59 мекен-жайынан 27 наурыз, сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынды. Мұндағы тұрғынның коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны бұған бейін хабарланған. Аталған емделуші 14 күн үй карантинінде болады, медицина қызметкерлері денсаулық жағдайына мониторинг жүргізеді.