26 Наурыз, 12:38 777 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Дональд Трамп Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, арнайы хат жолдады. 

"Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам", - делінген АҚШ басшысы жолдаған хатта.

Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығын нығайта түсуге мүдделі екенін жеткізді.

"Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін", - деп жазды АҚШ басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар