25 Наурыз, 16:05 486 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыға өңірлерден эпидемиолог мамандар жіберілді

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасымен Алматыға өңірлерден эпидемиолог мамандар жіберілді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында айтты, – деп жазды ҚазАқпарат.

«ҚР ДСМ басшысының тапсырмасымен Алматыға Қазақстанның барлық өңірінен қосымша эксперт эпидемиолог мамандар жіберілді. Қазіргі таңда 82 маман блок бекеттерде жұмыс істеуде. Олардың жұмыс істеуіне, дұрыс тамақтануына, уақытша Алматыда тұруына қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, маска, арнайы костюм, қолғаптармен қамтылған», – деді Айзат Молдақасымова.

Соңғы жаңалықтар