Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты

Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты

Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты
ашық дереккөзі
«Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шыққанын айтты. «Германияда коронавирус жұқтырған азаматымыздың денсаулығы жақсарды. Оны қазіргі уақытта ауруханадан шығарған. Ол бүгінде неміс дәрігерлердің бақылауымен карантинде жатыр. Венгриядағы азаматшамыздың да жағдайы қанағаттанарлық, ауруханада ем-дом алып жатыр. Диломаттарымыз онымен және дәрігерлермен байланысып отыр», – деді министр.