Коронавирус: Алматыда 15 ауру ошағы анықталды

Коронавирус: Алматыда 15 ауру ошағы анықталды

Коронавирус: Алматыда 15 ауру ошағы анықталды
ашық дереккөзі
Алматы қалалық әкімдігі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат таратты. Құзырлы органдардың хабарлауынша, қазір Алматыда инфекция жұқтырған 29 адам анықталды. «Пациенттердің барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ. Екеуінің жағдайы – орташа. Бірақ нашарлау белгілері жоқ. Алматыдағы провизорлық емханаларда 672 адам қаралып жатыр, 598 адам карантинге оқшауланған. Үй карантинінде 1549 адам жатыр», – деді әкімдіктен. Алматыда 15 ауру ошағы анықталған. Алатау ауданында – 2 ошақ: «Заря Востока» шағын ауданы, Сары-ой көшесі, 234; «Аккент» шағын ауданы, 7. Алмалы ауданында – 4 ошақ: Желтоқсан, 125; Байтұрсынов, 78/1; Жароков, 16; Жароков, 7. Медеу ауданында – 3 ошақ: Зенков, 59; Достық, 162; Гоголь, 75. Жетісу ауданында – 2 ошақ: Еңлікгүл, 34а; Волочаевская, 51. Түрксіб ауданында – 4 ошақ: «Алтай-1» шағын ауданы, 8; «Жас Қанат» шағынауданы, 86, Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63 мекенжайларынан ауру табылды. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, барлық ауру ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілді. Дәрігерлер ошақ аймағында тұратын тұлғалардың денсаулығын тексеріп жатыр.