Қазақстандықтардың саны 18 млн 632 мыңнан асты

Қазақстандықтардың саны 18 млн 632 мыңнан асты

Қазақстандықтардың саны 18 млн 632 мыңнан асты
ашық дереккөзі
Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18 млн 632 мың 200 адамға жетті. Бұл туралы  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.  18 млн 632 мың 200 адамның 10 млн 893 мың 800-і немесе 58,5% - қалаларды, 7 млн 738 мың 400 мыңы немесе 41,5% ауылдарда тұрады. Жалпы халық санының 9 млн 34 мың 300-ін немесе 48,5% – ерлер, 9 млн 597 мың 900-ін 51,5% әйелдер құрайды. 2019 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3% өсті. Бір жыл ішінде тұрғындар саны ең көп 3 өңірде артқан - Алматы қаласында 62,2 мың адамға, Нұр-Сұлтан қаласында 57,6 мың адамға және Түркістан облысында 36,4 мың адамға.