13 Ақпан, 21:47 208 0 Әлеумет Арайлым Бимендиева

Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жағдайы жақсы

Еліміздің Денсаулық сақ­тау министрлігі әлемді алаң­датқан коронавирус бойын­ша еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Министрліктің мәліметі бойын­ша ҚХР-мен шекара­лас мемлекеттерден келген аза­мат­тарға мониторинг жасау жалғасуда. 2020 жылғы 6 қаңтардан 11 ақпанға дейін ҚХР-дан елімізге 30 911 адам келген.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақылау ко­митетінің санитарлық-каран­тин­дік пункттерінің мамандары 6 қаң­тар мен 11 ақпан аралығында ха­лық­аралық әуежайларда және темір­жол вокзалдарында Қытаймен ше­ка­ралас мемлекеттер арқылы өткізу пункт­терінде 30 911 адамды тексер­ді.

Тексерілген адамдар арасында Же­дел респираторлы вирус­ты инфекция (ЖРВИ) белгілерімен 144 адам көпшіліктен оқшауланып, ем­деуге жатқызылған. Бүгінде оның 121-і шығарылды, ал 23 адам ста­цио­нарларда медициналық бақы­лауда.

11 ақпан күні таңертең сағат 6:05-те Нұр-Сұлтан қаласына Қы­тай­дың 36 қаласынан 217 қазақ­стан­дық азамат келді. Азаматтардың бар­лығы медициналық және зерт­ханалық тексеруден өту үшін кемін­де 3 күн мерзімге ауруханаға жеткі­зіл­ді. Олардың денсаулық жағдайы қа­нағаттанарлық. Емдеуге жатқы­зыл­ғандардың барлығының сына­ма­сын қосымша бақылау үшін Ал­ма­ты қаласындағы М.Айқымбаев атын­дағы аса қауіпті инфекциялар Ұлт­тық ғылыми орталығына жібе­ріл­ді. Аталған орталық жаңа коро­навирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген. Республикада қол­даушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақ­саттағы бұйымдар бар, инфек­ция­лық ауруханаларда оқшаулауға ар­налған бокстар бар, орындар, дә­рі­герлік және орта медицина пер­соналы дайындалған.

Денсаулық сақтау министрлігі жағдайдың тұрақты бақы­лау­да екенін айта келе, жаңа корона­ви­рус инфекциясының таралуын бол­дырмау мақсатында алдын алу ша­раларын сақтауға шақырады. Сақ­тық шаралары мынадай:

– қол мен бетті сабынмен жиі жә­не мұқият жуу;

– қолды залалсыздандыруда спирт­ті антисептиктерді қолдану;

– адамдар көп жиналатын орын­дардан аулақ болу;

– науқас адамдармен байланыста бол­мау;

– суық тию белгілері (жоғары тем­пература, мұрынның бітелуі, жө­тел, тамақтың ауруы) пайда болған жағ­дайда, тұрғылықты жер бойын­ша дәрігермен кеңесу.

Қандай да бір туындаған сұрақ­тар бойынша 1406 Call-орталығына тәулік бойы қоңырау шалуға болады.

Соңғы жаңалықтар