13 Ақпан, 17:51 263 0 Көлік Анар ЛЕПЕСОВА

Алматы – Мумбай бағытында әуе рейсі ашылады

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Air Astana Алматы мен Мумбай қалалары арасында тұрақты рейсін іске қосады. Рейстер әр апта дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Әуекомпанияның жазғы күнтізбесіне сәйкес, дүйсенбі мен сейсенбі күндері Алматыдан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 07:05 ұшып, Мумбай қаласына 11:05 жетіп қонады. Қайтар рейс Мумбайдан 12:05 ұшып, Алматыға 16:55 қонады. Бейсенбі мен сенбі күндері Алматыдан 22:10 ұшып, Мумбайдан қайтар рейс ертеңіне жергілікті уақыт бойынша 03:10 орындалады. Екі бағытқа да ұшу уақыты - 4,5 сағат.

Мумбай Air Astana тұрақты түрде қатынайтын Үндістанның екінші қаласы болмақ. Әуекомпания Үндістан астанасы Делиге 2004 жылдан бері қатынайды.

Соңғы жаңалықтар