Абақтыға ақша кіргізбек болған азамат ұсталды

Абақтыға ақша кіргізбек болған азамат ұсталды

Абақтыға ақша кіргізбек болған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласының тұрғыны колонияға 100 АҚШ долларын кіргізбек болған, – деп хабарлады Polisia.kz. «Шемонаиха қаласының 47 жасар тұрғыны тыйым салынған заттарды алып өту барысындағы жауапкершілікті біле тұра, түзеу мекемесінде мерзімін өтеп жатқан танысына беру үшін 100 АҚШ долларын колонияға кіргізбек болды. Ақшаны қысқы күртешенің сол жақ жеңіндегі қалтаға жасырған. Алайда, ОВ 156/20 қызметкерлері оны әшкереледі, валюта тәркіленді. Бұл ақшаның сотталушыға не үшін қажет болғаны тексерілуде», – делінген хабарламада. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабына (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар) сәйкес, колония аумағында тыйым салынған заттарды беру әрекеті үшін, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға сеп болған құрал тәркілене отырып, ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.