12 Ақпан, 15:28 424 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қазақстандықтар табысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Ranking.kz жариялаған рейтингте Қазақстан 104 елдің ішінде 96-орында тұр. Қазақстанның алдында Гондурас, Камбоджа, Гана бар. 

«Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі – 44,9 процент. Рейтингтің көш басында АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Австралия, Австрия бар. Үздік ондыққа Германия, Нидерланды енген», – дейді сарапшылар.

Олардың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын азық-түлік алуға жұмсағандықтан, жылжымайтын мүлік, қомақты заттар сатып алуға қаржы жинайтын мүмкіндігі жоқ.

Соңғы жаңалықтар