Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан

Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан

Делдалдар қордағы медициналық масканы Қытайға сатқан
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысына медициналық масканың неліктен жетіспей жатқанын түсіндірді. – Кәсіпкерлер мен алыпсатарлардың запастағы медициналық маскаларды Қытай Халық Республикасына сатқаны анықталды. Осыған байланысты масканы шетелге экспорттауға тыйым салынып отыр, – деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. Оның айтуынша, жетіспей жатқан тауарды енді шетелден импорттаймыз.  Шығыс Қазақстанның өзіне 2 миллион дана медициналық маска алынбақ. Еске салайық, бұған дейін ШҚО тұрғындары маска тапшылығына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы