21 Қаңтар, 15:22 685 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Шымкентте үйіне қамалып қалған бүлдіршіндер құтқарылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Шымкенттегі Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі пәтер есігін іштен жауып, аша алмай қалған балаларды құтқарды.

Оқиға бүгін сағат 12:06-да көпқабатты үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен мамандар пәтерлердің бірінде ересек адамның қарауынсыз қалған 3 бүлдіршіннің есікті аша алмай отырғанын анықтайды. Олар тиісті аспаптардың көмегімен есікті сыртынан ашқан.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға орын алған, 2 жасар бала пәтердің есігін ішкі жағынан жауып, аша алмаған. Оған қоса анасы газ плитада тамақ дайындалып жатқанын айтқан. Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар баспалдақтың көмегімен балкон арқылы пәтерге кіріп, баланы аман-есен анасына тапсырды.

Соңғы жаңалықтар