18 Қаңтар, 10:40 417 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Отандық өнімді менсінбейді – «Казцинк», «Қазақмыс», «Арселор Миттал» компа­ния­лары сынға қалды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

«Казцинк», «Қазақмыс», «Арселор Миттал» компа­ния­лары қазақстандық өнімді сатып алмайды, – деп жазды aikyn.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бұл тұрғыда оларда жауапкершілік жоқ екенін атап өтті.

Оның айтуынша, әрбір ұлта­ралық компанияның экология мен шетелден жұмыс күшін тартудағы міндетінен бөлек, өзіндік әлеумет­тік міндеттемелері бар. Соның бірі – жергілікті шағын және орта бизнесті қолдау, яғни қазақстандық өнімді сатып алу.

«Теңізшевройл» жақында тұңғыш рет тауарды сатып алу жос­парын жариялады. Біреуге бұл өз­геріс еш жаңалық болмауы мүмкін. Бірақ бұл салада бірнеше жыл жүрген мен үшін бұл маңыз­ды ақпарат. Сол секілді тағы бір ірі компания сатып алу жоспарын жа­сауға дайын екенін айтып, отан­дық тауарлардың реестрін сұрады. Сондықтан бұл жұмыс кү­шей­тіледі», – деді палата басшысы.

Оның айтуынша, шетелден жұмыс күшін тартудан бөлек, ірі компанияларға отандық тауар­ларды өткізуге де назар аударып, қоғам болып ықпал етуіміз керек. Отандық тауардың бағасы мен сапасы лайық па – сатып алсын, өйтпесе Қанат Бозымбаев айтқан­дай, лицензияны қайтарып алуға дейінгі шара қабылдаған жөн.

«Казцинк», «Қазақмыс», «Ар­селор Миттал» ешқашан отандық өнімді сатып алмайды. Жауап­кершілік деген атымен жоқ. «Қа­зақмыс» қажеттіліктің 50 пайызын алып отыр. «ERG» компаниясы да серіктестікке дайын. Егер біз ойлы протекцияны қолға алмасақ, отандық тауарды өсірмек түгілі, қолдағы барымыздан айырылып қалуымыз мүмкін», – дейді ол.

Баспасөз мәслихатында «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы жа­нынан импортты алмастыру жө­ніндегі кеңес құрылатыны белгілі болды. Кеңес алаңында бизнес-қоғамдастық уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдар­мен бірле­сіп, жергілікті қамтуды және рет­телетін сатып алу жүйесін, кеден-тариф саясатын, техникалық рет­теу, шикізат базасын дамыту, инф­ра­құрылымдық даму, мемле­кеттік қолдау шараларының тиім­ділігін арттыру, өнеркәсіптік коопера­цияны дамыту, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі дамуына бай­ланысты басқа мәселелерді талқылайды.

Соңғы жаңалықтар