14 Қаңтар, 21:06 305 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер келді

Ресейлік жаттықтырушы Владимир Маминов «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметіне кірісті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Жұмысқа кірісіп, команда құрамын жасақтай бастаған жаңа бас бапкер «Ақтөбемен» бірге жуырда Түркияда өтетін бірінші оқу-жаттығу жиынына аттанатын болады.

В.Маминов футболшы ретінде мәскеулік «Локомотив» құрамында 1992-2008 жылдары доп тепті. Өзбекстан құрамасында да ойнаған 45 жастағы В.Маминов бапкерлік мансабын «Локомотивте» бастап, бас бапкердің көмекшісі болды. Уақытша бас бапкерлік міндетін атқарған ол кейін Қазанның «Рубин» клубына ауысты. 2014 жылдан бастап «Химки», «Солярис» (Мәскеу), «Тюмень» клубтарын бас бапкер ретінде жаттықтырды.

Кезінде бес мәрте ел чемпионы, үш реттен күміс және қола жүлдегер атанған «Ақтөбе» өткен маусымда премьер-лигадан түсіп қалған болатын. Биыл В.Маминовтың жетекшілігімен оған қайта оралуды мақсат ететіні сөзсіз.

 

Соңғы жаңалықтар