12 Қаңтар, 13:28 323 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Алдағы Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге 3 қала үмітті

Саппоро, Солт-Лейк-Сити және Барселона алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қызығушылық танытты, деп хабарлайды Оlympic.kz.

ХОК алдағы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу жөніндегі комиссия төрағасы Октавиан Морариу осы үш қаланың 2030, 2034 және 2038 жылдары Олимпиада ойындарына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын мәлім етті. Румыниялық ХОК мүшесі үш жобаның «түрлі даму деңгейінде» екенін айтты.

1972 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген Саппоро 2030 жылы көшбасшы болып отыр және үш үміткердің арасында өткізу мүмкіндігі жоғары қала. Қала мэрі Кацухиро Акимото ХОК президенті Томас Бакпен кездесуі тиіс, ал Жапония олимпиада комитеті осы айдың соңында Саппороның ХОК-пен диалог орнату туралы ресми шешім қабылдауы керек.

Астанасы Саппоро саналатын Хоккайдо муниципалитеті Жапония Олимпиада комитетінің атынан қызығушылық танытқан жалғыз өңір болып отыр. Саппоро 2018 жылдың қыркүйегінде Хоккайдо ауданында магнитудасы 6,7 баллдық жер сілкінісінен кейін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысудан бас тартты. С

олт-Лейк-Ситиде де, Пиренея-Барселонада да техникалық-экономикалық тексеру жүргізілді, деп хабарлады Морариу. АҚШ Олимпиада және Паралимпиада комитеті Солт-Лейк-Сити қаласын қысқы Олимпиада ойындарына болашақ үміткер ретінде серіктес деп таңдады, алайда қай шығарылымға үміткер болатынын анықтамады.

2002 жылы қысқы Олимпиада ойындары өткен Солт-Лейк-Ситиде бұрынғы алаңдар толықтай пайдаланылады. Пиренея-Барселона Испания сыртындағы нысандарды қолданады. Себебі, қалада шаңғы тебуге арналған орындар жоқ. Бұл мәселені шешуге Испания Олимпиада комитеті көмектеседі. Сегіз адамнан құралған Морариу комиссиясына Қысқы Олимпиада ойындарын өткізетін орындарды анықтау тапсырылған.

 

Соңғы жаңалықтар