11 Қаңтар, 21:01 219 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыдағы көк базарға "ақылды камералар" орнатылды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматыдағы Медеу ауданында қылмыстың санын азайтып, алдын алу мақсатында жаңа жүйені енгізу жоспарлануда. Аудан әкімдігінің мәліметінше, көк базар периметрі бойынша пилоттық режимде "ақылды камералар" орнатылады.

"Отандық озық технология мүмкіндігі адамдарды, нөмірлерді, адамның немесе көліктің күмән туғызатын қозғалысын, сондай-ақ, басқа да заттарды тануға мүмкіндік береді", – дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік өкілдері әдетте жасанды аналитикалық интеллект жобалары арнайы меморандумға қол қойылып, белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін ғана іске асырылатынын айтты.

"Бұл жан-жақты талқылаудан өткен жобалардың бірі ғана. Бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету", – деп қосты әкімдік.

 

Соңғы жаңалықтар