Қазақстандық саяхатшы велосипедпен Вашингтонға жетті

Қазақстандық саяхатшы велосипедпен Вашингтонға жетті

Қазақстандық саяхатшы велосипедпен Вашингтонға жетті
ашық дереккөзі
Аты әлемге танылған саяхатшы Талғат Жұмабеков велосипедпен Аляскадан Канада арқылы Америкаға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Сөйтіп АҚШ астанасы Вашингтонға жеткен ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған мерекеге қатысты. Талғат 2015 жылдан бері жер-жаһанды велосипедпен аралап жүр. Сол кезден бері жерлесіміз Еуропа, Азия, Африкада болды. 25 елді қамтитын өзінің ең ұзақ саяхатын Талғат Жұмабеков Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығында бастаған. "Аляскадан Канада арқылы өтіп, қазір Америкаға жетіп отырмын. Отандастырымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Елімізде бейбіт, ынтымақ, бірлік пен татулық болсын", - дейді велосаяхатшы.