13 Желтоқсан, 21:01 466 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Атырау жұртының ақшасы көп – табыстың жоғары мөлшері қанша?

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылғы 1 тоқсанда елімізде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең жоғары мөлшері Атырау облысына тиесілі – 195 546 теңге.

Айта кетейік, былтырғы көрсеткіш бойынша да Қазақстанда орташа алғанда халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең жоғары мөлшері осы облыста тіркелген – 180 115 теңге, бұдан кейін Нұр-Сұлтан –146 892 теңге және Алматы қалалары – 140 542 тізімнің алғашқы үштігін түйіндеген болатын.

Ал аталмыш табыстың ең төменгі мөлшері – Түркістан (43 622 тг) және Жамбыл (61561) облысында, сондай-ақ, Шымкент (57 620 тг) қаласында белгіленді.

 

Соңғы жаңалықтар