4 Желтоқсан, 12:07 470 0 Қауіпсіздік Анар ЛЕПЕСОВА

Алматы: Жыл басынан бері жол апатынан 470 адам көз жұмды

Жыл басынан бері Алматы облысында 2170 жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан 470 адам қаза тауып, 3 мыңнан аса жолаушы әртүрлі дене жарақатын алған.

Өткен жылмен салыстырғанда өңірде көлік қақтығысы 5, ал өлім-жітім көрсеткіші 30 процентке көбейіп отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Талдау қорытындыларына сәйкес, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен болады екен. Яғни темір тұлпар тізгіндегендердің  90 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асыратын көрінеді. Қалғанына жаяу жүргіншілердің жауапсыздығы себеп. Жол көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында облыстық ПД қызметкерлері қауіпті аймақтарды ұдайы бақылауға алған. Сонымен қатар әртүрлі алдын алу шараларын өткізіп келеді.

–  Жол көлік оқиғаларының 4,8 пайызы адам қағу оқиғалары болады екен.  Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында республикалық жолдарға, мектептердің жанына макет қойып жатырмыз. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің макетін қойып жатырмыз. Қоғамдық көліктерге қатысты «Автобус», «Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол» шаралары өткізіліп жатады. Жолдың үстіне жол белгілерін салып жатырмыз. Онымен қатар шумовая полоса қойып жатырмыз. Біз осы жылдың басынан 30- ге жуық бильборд қойылды, - деп хабарлайды  облыстық ПД ӘПБ басшысы Дәулет Молдаханов.

Соңғы жаңалықтар