Түрмеден босатылған «Алматыметроқұрылыс» басшысы Президенттен көмек сұрады

Түрмеден босатылған «Алматыметроқұрылыс» басшысы Президенттен көмек сұрады

Түрмеден босатылған «Алматыметроқұрылыс» басшысы Президенттен көмек сұрады
ашық дереккөзі
«Алматыметроқұрылыс» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Реимов өзіне тағылған айып «жалған» деп мәлімдеді. Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген кәсіпкер қаржылық алаяқтық фактісінің ешқандай қисынға сыймайтынын айтып, президенттен көмек сұрады. Ол заңсыздықтың тоқтатылуын, шешімнің әділ болуын сұрап, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды "Астана" арнасы. "Осы болып жатқан заңсыздықты тоқтатса. Ішкі істер министрі Тұрғымбаев мырза объективті түрде осы істі қарап тапсырма берсе, тағы да басқа органдарға прокурутураға тез арада заңды жауаптарын беріп, істі заң жағынан жүргізсе. Нақтысы, азаматтық іс болған соң, екі бизнесменнің арасындағы дау болған соң істі азаматтық сотқа жіберіп, бұл істі тоқтатуды сұраймын", - деп Қ.Реимов Мемлекет басшысына жүгінді. Еске сала кетейік, Қайрат Реимов қаржылық алаяқтық жасады деген айыппен 27 қараша күні ұсталып, тергеу изоляторына жабылған. Бүгін кәсіпкердің мүлкі кепілге қойылып, тергеу изоляторынан босатылды. Дау 2014 жылғы келісімшарттан туған. Қайрат Реимов танымал кәсіпкер Дінмұхаммед Идрисовтан 1,5 млрд теңге қарыз алған. Кепіл ретінде "Алматыметроқұрылыс" компаниясының 39 пайыз акциясын салады. Бірақ Реимов қаржылық қиындықтарға байланысты қаражатты қайтара алмай, борышын өтеу үшін жылжымайтын мүліктерін ұсынғанын айтты. Бірақ ол кәсіпкер "Алматыметроқұрылыстың" 80 пайыз акциясын талап етіп отырғанын мәлімдеген еді. Тіпті құқыққорау органдарынан қысым көргенін де хабарлады.