30 Қараша, 10:41 294 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Елімізде халық санағы қалай жүргізіледі?

Қазақстанда халық санағын жүргізуде ақпараттық технологиялар қолданылады. 

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының парақшасындағы мәліметке сүйенсек, қазір еліміздегі тұрғындардың әлеуметтік мәліметтерін жинау рәсімі екі жолмен жүргізіледі. Оның екеуінде де интернет қолданылады.

Біріншісі– ғаламтор арқылы сауалмнама жүргізу. Онда Қазақстан азаматы санақ парағын өзі толтырады. Тіркелу үшін www.sanaq.gov.kz арнайы сайтында жеке мәліметтерді көрсету керек. Оның ішінде ЖСН, электронды пошта, жеке куәлік пен телефон нөмірі секілді отбасы мүшелерінің мәліметтері бар.

Осыдан кейін сауалға жауап беруші ақпаратының расталғаны жөнінде SMS хабарлама алады. Бұрынғыдай үйлерді аралап санақ жүргізу нұсқасы қалдырылады. Алайда бұл жолы мәлімет жинайтын қызметші санақ жүргізу парағын электронды нұсқада планшетте толтырады. Онлайн режімде тіркелмеген азаматтар осы екінші жолмен санаққа ілігеді.

 

Соңғы жаңалықтар