Шымкентте топырақ опырылып, екі адам қаза болды

Шымкентте топырақ опырылып, екі адам қаза болды

Шымкентте топырақ опырылып, екі адам қаза болды
ашық дереккөзі

Шымкентте шұңқырды қазу кезінде топырақтың опырылып түсуінен екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

Қайғылы оқиға 8 қараша күні Қаратау ауданындағы Нұрсат-3 шағын ауданында Назарбаев даңғылында болған. Сағат 20.54-те құтқарушылардың пультіне хабарлама келіп түсті. "ЮгСтройСервис-Н"  ЖШС жұмысшылары шұңқырды қазу кезінде топырақ опырылып түсті. Топырақ астында 3 техника бірлігі және 3 жүргізуші қалып қойды. Шұңқырдың тереңдігі 20-25 метр, көлемі -  37х37 метр, - деп хабарлады ТЖК. Үйіндіден бірінші болып 1993 жылғы ер адамды алып шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Ал оның әріптестерін аман алып қалу мүмкін болмады. 1969 жылғы ер адамның денесін үйіндіден 21.40-та алып шықса,  1965 жылғы үшінші жұмысшыны сағат 22.49-ға  дейін іздеді. Іздеу құтқару жұмыстарына 5 сағат кетті. Оқиға орнында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 11 техника бірлігі жұмылдырылды. Операцияға полиция департаменттері, жергілікті атқарушы органдары, жедел жәрдем қызметкерлері және ЖШС жұмысшышары да қатысты, - деп хабарлады ведомство.