19 Қазан, 15:36 394 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Жамбылда алименттен жалтарған әкелер саны 12 мыңнан асқан

Жамбыл облысында баласына алимент төлемей жүрген әкелер саны артып барады. Бұл туралы қалалық прокуратура өкілдері уәкілетті органдармен бірге алимент өндіру және заңдылық тәртіпті қадағалау мақсатында өткізілген жиында айтылды.

«Тараз қаласы бойынша баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-аналар саны 12 мыңнан асқан. Айталық қыркүйек айында 10 күн ішінде борышкерге қатысты әкімшілік іс-қозғалып, нәтижесінде 8 адам қамауға алынып, одан бөлек 3 жауапкершілігі жоқ әкеге әкімшілік айыппұл салынған. Отбасылық кішігірім даудан, үлкен мемлекеттік мәселеге айналып отырған бұндай кикілжіңдер қоғам мен бала тәрбесіне де кері әсері орасан зор», - дейді Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Нұрсұлтан Тілешов.

Жауаптылардың айтуынша, борышкерлердің өз міндеттерінен жалтаруына басты себеп – жұмыссыздық. Сондай-ақ, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында қала көшелеріне арнайы билбордтар ілінсе, ЛЕД экрандардан отбасылық видео жазбалар көрсетіліп жүр.

 

Соңғы жаңалықтар