Бердібек Сапарбаев: Ауылда бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр

Бердібек Сапарбаев: Ауылда бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр

Бердібек Сапарбаев: Ауылда бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алматыда мектеп директорларымен кездесті. Кездесуде Вице-премьер мұғалімдердің білімін деңгейін көтеру, әлеуметтік жағдайын оңалту мәселелеріне тоқталды. «Біз мұғалімдердің материалдық жағдайын ескеруіміз керек. Өткен жылы ұстаздардың жалақысы өсті. Тамыз конференциясында Президент Үкіметке мұғалімдердің жалақысын 2020 жылдан бастап төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырған болатын. Өткен жылдармен салыстырғанда қазір мұғалімдердің еңбекақысы жаман емес. Сонымен қатар біз мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен дайындауымыз керек»,- деді Вице-премьер. Бердібек Сапарбаевтың айтынша, ауылдық жерлерде білім сапасы төмен. «Бұл - өте өзекті мәселе. Ауылда мұғалімдер жетіспейді. Онда білім беру деңгейі нашарлап барады. Себебі онда бір мұғалім география, математика, биология пәндерінен сабақ бере береді. Мұндай көрініс әсіресе шағын мектептерде жиі кездеседі. Сондықтан біз ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жағдайын жасауымыз керек. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айтып жатырмыз, бірақ, өкінішке қарай, бұл бағдарлама кей жерлерде жүзеге асып жатқан жоқ. Барған ұстаздарға баспана бермейді, жалдап тұру ақысын төлемейді. Қазір осы мәселе бойынша біз жергілікті билікпен жұмыс істеп жатырмыз. Мен бұл проблемалардың бәрін білемін. Мен де әкім болғанмын. Осының бәрін қадағалаймыз», - деді мектеп директорларымен кездесуде Б.Сапарбаев. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары мектеп оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы тиіс екенін тілге тиек етті.