13 Тамыз, 17:58 235 0 Аймақ Túrkistan Gazeti

Өзбекстанда Қызылорда облысының өнер күндері өткізіледі

Қызылорда облысы мәдениет саласының өкілдері Өзбекстан Республикасына аттанып кетті. Мәдениет майталмандары көршілес елде Қызылорда облысының өнер күндерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Осының нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамытуға мән беріледі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы өнері мен Сыр сүлейлерінің шығармашылығын насихаттауға назар аударылады. Өнер күндері аясында Ташкентте Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Рақымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклін жергілікті жұртшылық назарына ұсынады. Мәдени шара барысында қызылордалық суретшілердің көрмесі, Науаи қаласында Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Өзбекстанның қазақтар көбірек мекендеген Тамды, Үшқұдық, Конимех аудандарында облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушыларының экспедициялық концерті өткізіледі жоспарланып отыр. Қызылорда облысының Өзбекстандағы өнер күндері 13-19 тамыз күндері өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар